Көктайғақ, бұрқасын, жел – сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сейсенбі күні еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

«Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы күтіледі, батыстың, солтүстік-батыстың кей жерлерінде жаңбыр және қар, солтүстікте және шығыста қар жауады, тек оңтүстікте және оңтүстік-шығыста антициклон шоғырының әсерінен күн райы ашық болады. Кей жерлерде тұман күтіледі, жел күшейеді, солтүстік пен шығыстың кей жерлерінде көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады», делінген хабарламада.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, Ақмола облысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын соғады, Қостанай облысында тұман түсуі ықтимал.

Алматы облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, түнде және таңертең жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар, түнде және таңертең Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.

Соңғы жаңалықтар