+7 (701) 759 90 19
USD 430.51 EUR 505.72
RUB 5.51 CNY 64.14
Jańalyqtar

Көктайғақ, бұрқасын, тұман: Ақмола мен Шығыс Қазақстанда күн суытады

2019 жылғы 8 қараша 19:36
Бөлісіңіз:
Көктайғақ, бұрқасын, тұман: Ақмола мен Шығыс Қазақстанда күн суытады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Елімізде бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды Елімізде жеті облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды Бірнеше өңірде қар мен жаңбыр жауады

9 қараша күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді.

9 қараша Ақмола облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа және шығысқа ауысады. Жел жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.

Көкшетау қаласында да тұман түсіп, көктайғақ болады. Жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа және шығысқа ауысады, екпіні - 15-20 м/с.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT