Көксу қант зауыты көгілдір отынға ауысса шығындар 20-25 пайызға азаяды - А. Баталов

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат-Алматы облысындағы Көксу қант зауытында модернизация жұмыстары жүріп жатыр. Кәсіпорын газбен жұмыс істейтін болса, шығындарын 20-25 пайызға азайтады. Бұл туралы Көксу ауданының шаруашылықтарын аралаған Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мәлімдеді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көксу қант зауыты жылына 10 мың тоннаға дейін мазут жағады. Ал Көксу ауданына биыл табиғи газ келді. Кәсіпорын қазіргі таңда пештерін көгілдір отынға ыңғайлап жатыр. Өңір басшысының айтуынша, табиғи газ зауыттың шығындарын азайтып қана қоймай қанттың өзіндік құнын төмендетіп, жұмысшылардың жалақысын көтеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ ауаның ластануы төмендейді.


Жалпы биыл Көксу қант зауыты 240 мың тонна қант қызылшасын өңдеп, 28 мың тонна өнім шығаруды жоспарлап отыр. 2017 жылы кәсіпорын 1 млрд теңгеге қондырғыларын жаңартты.

Соңғы жаңалықтар