+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Көксу ауданына блокпост қойылды - Алматы облысы

2021 жылғы 12 сәуір 21:38
Бөлісіңіз:
Көксу ауданына блокпост қойылды - Алматы облысы

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысының Көксу ауданына блокпост қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ресейде коронавирусқа қарсы вакцинаны  21,5 млн тұрғын салдырған Семейде маска тақпағандарға айыппұл салынуда Алматыда бір тәулікте 570 коронавирус жұқтыру оқиғасы тіркелді

«2021 жылдың 12 сәуіріндегі жағдай бойынша Алматы облысының Көксу ауданында сәуір айында коронавирус инфекциясының 128 жағдайы тіркелді (наурызда – 85). Көксу ауданы бойынша КВИ жағдайының өсу қарқыны соңғы 2 аптада 1,6%-дан (29.03-04.04) 2,2% - ға (04.04 -11.04) дейін ұлғайды. Соңғы тәулікте КВИ-дің 12 жағдайы тіркелді, өсім қарқыны 1,9% -ды құрады. Көксу ауданының короновирустық инфекцияны таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның аудандық штабының шешімімен және Көксу ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 9 сәуірдегі №54 қаулысы негізінде ауылдық округтерге шығу/кіру жолында таңғы сағат 8-ден кешкі 20:00-ге дейін 9 блокпост орнатылған», - делінген Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, блокпосттар жұмысына аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың мамандары жұмылдырылды. Мұндай жұмыстар аудан аумағында коронавирустық инфекцияның одан әрі таратпау мақсатында атқарылуда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT