Көкшетаулықтар «Мұғалім-2014» облыстық спартакиадасында жеңіске жетті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бурабай ауданының Қатаркөл селосындағы ауыл шаруашылығы колледжінде ұстаздар арасында "Мұғалім-2014" облыстық спартакиадасы өтіп, ең үздік мұғалімдер құрамасы анықталды, деп хабарлады облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз хатшысы Набира Эсенова.

Облыстың 17 ауданы және 2 қаласынан жиналған педагогтар дартс, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, қоссайыс, волейбол сияқты спорттың алты түрі бойынша сайысқа түсті. Салауатты өмір салтын ұстауды мақсат тұтқан мұғалімдер спартакиадасы тартысты әрі тартымды өтті.

Спартакиада қорытындысына сай жалпы командалық есепте жергілікті Бурабай ауданының ұстаздарының мерейі үстем болып,188 ұпаймен үшінші орыннан көрінді. Ал екінші орын Шортанды ауданынан келген мұғалімдерге бұйырса, бірінші орынды 207,5 ұпай жинаған көкшетаулықтар жеңіп алып, 90 мың теңгенің сертификаттына қол жеткізді.

Осы орайда, Көкшетау қалалық білім бөлімінің басшысы З.Нұрымова, қалалық кәсіподақ ұйымының төрағасы Б.Қожахметов, №2 орта мектептің мұғалімі С.Бағманов, №1 Краснояр орта мектебінің мұғалімі А.Рыспамбетов және №3 мектеп гимназиясының мұғалімдері Г.Бакирова мен Р.Комадир шеберлік танытып, командасын жеңіске жетеледі.

Соңғы жаңалықтар