Көкшетаулықтар ҚР Тұңғыш Президенті мұражайының жәдігерлерін тамашалуда (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайында өтіп жатқан «Қазақстан: бейбітшілік, руханият және келісім аумағы» тақырыбындағы көрмеге тәуелсіз еліміздің, яғни, ҚР Конституцияның 20 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы тәрізді мерейтойлық жылдарға байланысты 111 құжат пен фотосуреттер және жәдігерлер қойылған.

Айта кеткен жөн, бұл шараны елордадағы ҚР Тұңғыш Президенті мұражайы қоры ұйымдастырып отыр.

Көрме ҚР Тұңғыш Президенті - Ұлт Көшбасшысының қызметі арқылы Қазақстанның достық пен келісімді нығыйтып, дамытатын рухани, мәдени орталық ретіндегі рөлін, этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісімнің іргетасына айналған бірегей институттың құрылуы мен қызметін, Қазақстанның этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шеше білетін ел ретіндегі халықаралық беделінің нығайуын көрсетуге мүмкіндік береді. «Көрменің негізгі мазмұнын ҚР Тұңғыш Президенті музейі қорындағы бірегей материалдар жинағы ашып отыр. Олардың арасында Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың жеке заттары мен құжаттары, шетел мемлекеттерінің басшылары мен үкіметтерінен берілген сыйлықтар, жас мемлекеттің дамуы мен халықаралық беделін нығайтуға бағытталған Елбасының қызметін, бастамаларын көрсететін фото және мұрағат құжаттары бар. Сонымен қатар, мұражай қонақтарына Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетін, тілін және әдет-ғұрпын көрсететін күміс бұйымдары, көркем суреттер, мүсіндер, мүсіндік композициялар, бейнелеу өнері және сәндік-қолданбалы өнер туындыларын да ұсынып отырмыз», дейді облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Кенжебай Мұқышев. Аталған көрме ағымдағы жылдың 30 қазанына дейін жұмыс істейтін болады.

Соңғы жаңалықтар