Көкшетаулық жас теннисші балалар турнирінің жеңімпазы атанды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаулық жас теннисші Astana Masters 10&Under балалар турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметініңмәліметі бойынша, Астана қаласында еліміздің әр өңірінен жиналған жас теннисшілер Astana Masters 10&Under балалар турнирінде бақ сынады. Турнир жеңімпаздары үш санат бойынша анықталды.

«Ұлдар арасында көкшетаулық Родион Трайгель турнир жеңімпазы атанды. Жас теннисші Ульяна Горлачеваның жетекшілігімен жаттығады»,- дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Махаббат Большина.

Соңғы жаңалықтар