+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Көкшетаулық Виктория Клепцова асырап алған ата-анасына алғыс айтты

2021 жылғы 1 наурыз 16:44
Бөлісіңіз:
Көкшетаулық Виктория Клепцова асырап алған ата-анасына алғыс айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Көкшетау педагогикалық колледжінің 1-курс студенті, қазақ тілі байқауларының жеңімпазы Виктория Клепцова өзін асырап алған ата-анасына алғыс білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алғыс айту күні – бейбітшілік пен келісімнің көрінісіне айналған жарқын мереке. Бүгінгі керемет мерекеде ең алдымен мені бауырына басып, аялаған, асырап алушы ата-анам – Сайран Қазыбайұлы мен Гүлнар Әміржанқызы Ыбыраевтарға шын жүректен алғыс айтамын! Мен үшін олар әлемдегі ең қымбат, ең мейірімді жандар», - деді Виктория Клепцова Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Алғыс айту күнінің 5 жылдығына арналған дөңгелек үстелде.

Сайран мен Гүлнар Ыбыраевтар Виктория мен оның екі бауырын асырап алған.

«Ата-анамның арқасында менің балалық шағым бақыт пен қуанышқа, ұмытылмас сәттерге толы. Мен ата-анамды, өзімнің туғанымдай болған Бахтияр, Алдияр және Еламан ағаларымды қатты жақсы көремін, ерекше сыйлаймын және әрқашан мақтан тұтамын. Қазақ халқы ата заманнан жетімін жылатпаған ел, әрқашан бала тәрбиесіне ерекше мән берген ел. Осының өзі менің басымнан өткен жағдайдың тағы бір дәлелі деп ойлаймын. Әлемдегі барлық бала бақытты болуға лайықты. Еліміздегі әрбір отбасына ынтымақ, достық, ізгілік, сыйластық пен құрмет тілеймін», - дейді Виктория Клепцова.

Айта кетейік, 2016 жылдың 14 қаңтарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жарлыққа қол қойып, 1 наурыз - Алғыс айту күні деп жарияланды. Дәл осы 1 наурыз күні елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT