Көкшетаулық спортшы Беларусьте 3 медаль иеленді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Есту қабілеті нашар  көкшетаулық спортшы Дмитрий Сальников Беларусьте суда жүзу спорты бойынша өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Могилев қаласында ұйымдастырылған жарысқа есту қабілеті нашар 300-ден астам спортшы қатысуда.

Оның ішінде көкшетаулық Дмитрий Сальников 50 жəне 100 метр қашықтықтарда баттерфляй əдістері бойынша күміс, 100 метр қашықтықта еркін жүзуде қола жүлдегер атанды.

Дмитрий Көкшетаудағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Мерген» спорт клубында тəжірибелі жаттықтырушылар Джанна Зайцева жəне Анна Симонинаның жетекшілігімен жаттығады.

Соңғы жаңалықтар