Көкшетаулық спортшы Аян Бейсенбаев триатлоннан Африка кубогында топ жарды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаулық спортшы Аян Бейсенбаев триатлоннан Африка кубогында топ жарды.

Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Зимбабве елінде өткен байрақты бәсекеге үздіктер қатарында Қазақстан құрамасы да қатысты. Ел құрамасы сапында 3 ақмолалық спортшы бақ сынады. Олимпиадалық қашықтық бойынша сынға түскен спортшылар 1500 метр суда жүзу, 40 шақырым велосипедпен өту және 10 шақырымды жаяу жүгірулері тиіс болатын.

Тартысты өткен додада бабы мен бағы қатар шапқан жерлесіміз Аян Бейсенбаев алтын жүлдегер атанып, олимпиада ойындарына берілетін жолдамаға қажетті маңызды ұпайға қол жеткізді.

Сонымен қатар, ақмолалық Темірлан Теміров 5-ші орыннан көрінсе, тағы бір жерлесіміз Валентин Мещеряков 12-ші болып келді.

Соңғы жаңалықтар