Көкшетаулық пауэрлифтерлер Азия чемпионы атанды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Көкшетаулық қос пауэрлифтер Алена Солопова мен Сергей Вайгант Біріккен Араб Əмірліктерінде өткен Азия чемпионатында бірінші орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большинаның мəліметі бойынша БАƏ Дубай қаласында пауэрлифтингтен Азия чемпионаты өтті.

Байрақты жарысқа Азия құрлығының 20 елінен спортшылар қатысты. Жарыс халықаралық пауэрлифтинг федерациясының (IPF) ережесі бойынша өтті.

Қазақстан құрамасы сапында болған ақмолалық спортшылар, 52 келі салмақта жастар арасында сынға түскен Алена Солопова классикалық әдіс бойынша, 105 келі салмақта ерлер арасында күш сынасқан Сергей Вайгант жатып көтеру әдісі бойынша чемпион атанды. Сонымен қатар, Диас Шәкірхан (53 кг) күміс, Анастасия Колесникова (52 кг) мен Арлан Еркінұлы (59 кг) қола жүлдегер атанды.

Жерлестеріміз Ақмола облыстық жоғары спорттық шеберлік мектебінде және Көкшетаудағы «Бурабай» балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінде бапкерлері Асылжан Әлмерденов, Евгений Евдокимов, Юрий Колесников және Кирилл Павленконың жетекшілігімен жаттығады.

Пауэрлифтингтен Ақмола облысының аға жаттықтырушысы Андрея Шаляпин спортшылар жеңісін жоғары бағалап отыр.

«Шәкірттерімнің жетістігіне көңілім толып отыр. Қарсыластар мықты, бір-біріне лайық болды. Жарыс тартысты өтті. Біз жеңдік», - деп қуанышымен бөлісті А.Шаляпин.

Айта кетейік, әлі алда жарыстың үш күні бар. Ақмолалық пауэрлифтерлердің қоржындағы медальдар санын еселей түсуге мүмкіндігі бар.

null

null

Соңғы жаңалықтар