Көкшетаулық «Оқжетпес» қыздар баскетбол клубы «Балтық лигасы» халықаралық турнирінде қола жүлдеге қол жеткізді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаулық «Оқжетпес» қыздар баскетбол клубы әйелдер арасында өткен «Балтық лигасы» халықаралық турнирінде қола жүлдеге қол жеткізді.

Литваның Мариамполь қаласында өткен байрақты бәсекеде  жерлестеріміз қола медаль үшін тартыста одессалық «Интерхим» командасынан 84:77 есебімен басым түсіп,  жүлделі үшінші орын алды.

Сонымен қатар, көкшетаулық шабуылшы Алина Ягупова еуропалық рейтингіде ең үздік ойыншы атанды.

Еске сала кетейік,  жақында көкшетаулық «Оқжетпес» қыздар баскетбол клубы елорданың «Тигр» командасын үш ойын қорытындысы бойынша ұтып, ұлттық лиганың чемпионы атанған болатын. 

Соңғы жаңалықтар