Көкшетаулық қыз таныспақ болған екі жігітке пышақ тығып алды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаудың 21 жастағы тұрғынымен танысуға әрекеттенген екі жігіт пышақ жарақатымен ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметтерге сәйкес, 31 тамыз күні сағат түнгі 01:35-те Көкшетау қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті облыстық аурухананың қабылдау бөліміне сол жақ қолының буынына пышақ тиген 30 жастағы ер адамның түскені туралы телефон арқылы хабар келді.

«Дәл сол түні кезекші бөлімге ұқсас хабар түсті. 02:30-да жергілікті облыстық аурухананың қабылдау бөлмесіне ішінен пышақталған 26 жастағы жігіт жеткізілген. Көпбейінді облыстық ауруханаға бірден жедел-тергеу тобы аттанды. Сол күні кешке зардап шегушілер әртүрлі уақытта және әртүрлі ойын-сауық орындарында жүрген. Ер адамдардың айтуынша, олар белгісіз бір қызбен таныспақ болып, пышақталған. Зардап шегушілер қызбен әңгімелеспек болған кезде оның тарапынан дөрекілікке тап болған. Бір сәтте араларында кикілжің туып, 21 жастағы қыз қалтасынан пышақ алып шыққан», - деді ведомствода.

Полицияда атап өткендей, тәртіп сақшылары аталмыш дерек бойынша «Бұзақылық» бабына сәйкес сотқа дейінгі іс жүргізді.

«Жедел-іздестіру шаралары кезінде полицейлер күдіктінің кім екенін анықтаған. Жарты сағаттан кейін 21 жастағы жергілікті тұрғын істеген ісін мойындап, жауап берді. Күдікті зардап шеккен азаматтардың таныспақ болып, мазасын алғанын айтты. Ол ойын-сауық орындарында жалғыз жүретіндіктен өзімен бірге пышақ алып жүретін болған. Жігіттерді пышақтаған соң суық қаруын лақтырып жіберген», - деп атап өтті ведомстводағылар.


Авторы Оксана Матасова



Соңғы жаңалықтар