Көкшетаулық қылмыскер екі ай бойы Петропавлда жасырынып жүрген

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл қаласы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері көкшетаулық әріптестеріне қылмыскерді табуға көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция департаментінің мәліметінше, Көкшетау қаласының 25 жастағы тұрғыны бірнеше рет ұрлық жасады деген күдікке ілініп ұсталған. Ол сот шешімін күтпестен, ешқайда кетпеу туралы қолхатын бұзып, ізін жасырды. Өткен жылдың желтоқсан айының басында оған іздеу жарияланды.

«Іздеуде болған адамның Петропавлға кеткені туралы болжам бірден жасалған. Қызметкерлеріміз оның ізіне шығу үшін екі ай бойы жұмыс жүргізді. Күдікті азамат жұмысқа орналасуға тырыспаған, құжатын ұсыну талабын қоятын кез келген жағдайдан аулақ жүрді», - деп баяндады криминалдық полиция бөлімінің бастығы Руслан Сыздықов.

Қазіргі кезде қашқын ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Қаңтар айында солтүстікқазақстандық полицейлер 6 қылмыскерді іздеу жұмыстарын жүргізген, соның ішінде үшеуі - бұрыннан іздеуде болғандар. Қазіргі кезде олардың барлығы ұсталды.

Жыл басынан бері алты адам із-түзсіз жоғалған. Олардың бесеуі табылды.



Автор: Олеся Жуковень

Соңғы жаңалықтар