Көкшетаулық келіншек үйінің гаражынан күйеуі мен бейтаныс қыздың мәйітін тапты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда гаражда тұрған көліктің ішінен екі адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметінше, көз жұмғандар 1984 жылғы жігіт пен 1992 жылғы бойжеткен. Бұл туралы Көкшетау қалалық ІІБ кезекшілік бөліміне 3 сәуір күні кешкі сағат 21:13-тер шамасында көз жұмған жігіттің келіншегі хабарлаған.

«Алдын ала мәлімет бойынша екеуінің ыстан уланып қалғаны анықталып отыр. Қазір осы оқиға байланысты тексеріс жүргізілуде», - деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Иллюстрациялық фото

Соңғы жаңалықтар