Көкшетаулық келіншек көліктің астына түсіп, көз жұмды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Көкшетау қаласында 41 жастағы келіншек көліктің астына түсіп, көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, Көкшетау қалалық ІІБ-нің кезекшілік бөліміне 22 наурызда сағат 23:56-ларда «ВАЗ-21110» көлігі облыс орталығындағы Горький көшесінің бойымен жүріп келе жатып, №31 үйдің маңында жолдың рұқсат етілмеген тұсынан жүгіріп өтпек болған жаяуды қағып кеткені туралы ақпарат түскен.

Оқиға орнында ауыр жарақаттан көз жұмған қала тұрғыны 1977 жылғы келіншек екені анықталды. 

«Қазіргі кезде сараптама тағайындалды. Жол-көлік оқиғасына байланысты ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлімі бойынша соталды тергеу амалдары жүргізілуде», деп мәлім етті облыстық ІІД баспасөз хатшысы Гүлнəр Пинчук.

Соңғы жаңалықтар