Көкшетаулық кәсіпорын жылына 800 комбайн құрастырмақшы

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласында комбайн шығаратын «Kazrost Engineering» компаниясы өндіріс көлемін ұлғайтып, жылына 800 комбайн құрастыруды жоспарлап отыр.
Осы бағытта жобаға 7,5 миллиард теңгеден астам инвестиция салынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, бүгінгі таңда кәсіпорында «Вектор» және «Acros» тәрізді алымдылығы жоғары комбайндар шығарылады. Сонымен бірге, шалғы, астық тиегіш сияқты ауыл шаруашылығы техникалары құрастырылады.
«Компания жаңа екінші цехтың құрылысы мен өндірісті жаңғырту есебінен өндіріс көлемін ұлғайтып отыр. Комбайн құрастыратын қосымша тағы жеті бекет ұйымдастырылды. Бұдан бөлек, бізде бояп кептіретін жаңа кешен жұмыс істейді. Бұл бізге бірінші кезекте комбайнның барлық бөлшегін ауа райына қарамастан үздіксіз бояуға мүмкіндік береді. Екіншіден уақыт үнемдеп, құрастыру жұмыстарын жеделдетеді», – дейді кәсіпорын басшысының өндіріс бойынша орынбасары Виталий Кун.
Айта кетсек, жыл басынан бері кәсіпорында 440 бірлік «Вектор» және «Acros» тәрізді алымдылығы жоғары комбайндар құрастырылып шығарылды. Дайын өнімді еліміздің астықты облыстары сатып алады. Мұндағы бір комбайнның құны 42-45 миллион теңгені құрайды.
Жалпы, Ақмола облысында алтын өндіретін, кірпіш шығаратын, ауыл шаруашылығы және коммуналдық техникаларды құрастыратын, авиция және медицина өнімдерін шығаратын 15 кәсіпорын бар, онда барлығы 20 адам еңбек етеді.
- Ақмола облысында сотталушының асқазанынан ұялы телефон табылды
- Карантин күшейтілген кезде Бурабай курортына баруға бола ма
- Ақмола өңірінде облыс, қалааралық автобустардың қозғалысына тыйым салынды
- Ақмола облысында карантиндік шектеулер күшейтілді
-
Шоқыну мерекесі: Ақмола облысында қандай талаптар сақталуы тиіс
-
Қазақстандық аккумуляторлар ТМД елдерімен қатар тағы 4 мемлекетке экспортталады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам