Көкшетаулық кәсіпкер әйел мемлекеттің қолдауы аясында жекеменшік балабақша ашпақ ниетте

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда мемлекеттік қолдаудың аясында балабақша жобасы сәтті жүзеге асты.

Бұл туралы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының баспасөз қызметінен хабарлады.

Осыған дейін 75 бүлдіршінге ғимарат жалдап келген жеке кәсіпкер Сәуле Сатыбалдина мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы арқылы жекеменшік балабақша ашуды қолға алған. Ол алдымен  өзінің бизнес жоспарын жасап, «Даму» қорына барған. Ондағы мамандардың ақыл-кеңесі мен көмегінің арқасында 12 пайыздық жеңілдікпен несиеге қол жеткізген. Бұл қаржыға кәсіпкер екі қабатты ғимаратты сатып алып, «Улыбка» балабақшасы ретінде жабдықтаған. Жақында аталған балабақша бүлдіршіндерге есігін айқара ашады деп жоспарланған.

«Сәбилердің емін-еркін тыныстап, өсіп жетілуі үшін заманауи жаңа жиһаздар мен түрлі ойыншықтар әкелдік. Балбақшада балет студиясы жұмыс істейді. Оған қоса ғимарат маңында бау-бақша, ойын алаңы және бассейін бар. Мұның бәрі бүлдіршіндердің тәлім-тәрбие алуына қолайлы жағдай жасауға әрі тұлға ретінде қалыптасуына оң септігін тигізеді», - дейді кәсіпкер.

null null  

Соңғы жаңалықтар