Көкшетаулық ерлі-зайыптылар есірткі сатып жүріп ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда есірткі саудасымен айналысқан ерлі-зайыптылар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс орталығында жүргізілген жедел - іздестіру шарасы кезінде Көкшетау қалалық ІІБ есірткі бизнесімен күрес бөлімшесінің қызметкерлері наша сатпақ болған 35 жастағы жергілікті тұрғынды қолға түсірді.  Күдіктіден 182 грамм кептірілген «марихуана» тәркіленді.

Сондай-ақ, осыдан бірнеше күн бұрын күдіктінің азаматтық некедегі 32 жастағы әйелі есірткімен ұсталған еді.

«Күдіктілердің үйін тінту кезінде қағаз бумаға салынған есірткінің иісіне ұқсас  зат табылды. Табылғандар сараптамаға жіберілді. Қазіргі кезде осы оқиға байланысты ҚР ҚК 297-бабының 1-бөлімі бойынша соталды тергеу амалдары жүргізілуде»,- деп түсіндірді ІІД баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, күдіктілердің кәмелеттік жасқа толмаған баласы бары анықталды.

Соңғы жаңалықтар