Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.87 EUR 422.40
RUB 5.87 CNY 54.85
Jańalyqtar

Көкшетаулық білім ұжымы ҚР Президенті сайлауын қолдайды

2019 жылғы 18 сәуір 20:56 529
Бөлісіңіз:
Көкшетаулық білім ұжымы ҚР Президенті сайлауын қолдайды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ұжымы 9 маусымда өтетін ҚР Президенті сайлауын қолдап, үндеу жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Дания Еспаева «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ұжымымен кездесті Сайлау-2019: ТМД байқаушылар миссиясына жүктелген міндеттер аталды

Университет проректоры Аманай Сейтқасымов айтуынша, еліміз тәуелсіздік алған 27 жылында айтарлықтай жетістікке қол жеткізді. Ел экономика дамып, халықтың әлеуметтік жағдай түзелді.

«Қазіргі таңда біздің еліміз бірлігі бекем, экономикасы мығым қуатты мемлекет ретінде дүние жүзіне танылып жатыр. Сондықтан, біздің университет ұжымы ҚР Президенті сайлауының биыл өтуін өте қуанышпен қолдайды», - деді проректор Аманай Сейтқасымов.

Сонымен қатар, конференцияда жоғары білім ордасының оқытушылары Талапкер Уәлиев пен Ақбота Бексейітова жиналғандарға сайлаудың құқықтары мен мәні туралы баяндады.

Көкшетаулық білім ұжымы ҚР Президенті сайлауын қолдайды 

Жалпы конференция соңында университе ұжымы  биыл 9 маусымға белгіленген ҚР Президентінің сайлауын қолдап, үндеу жолдады.

Үндеу мәтінінде: «Қазіргі таңда Қазақстан - көп ұлтты, татулық пен бейбітшілік орнап, керемет дамып келе жатқан мемлекет!  Бұл мемлекетіміздің Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының нәтижесі деп білеміз, және де біз осы саясаттың жалғасқанын қалаймыз. Сондықтан біз - Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ұжымы, студенттер Қазақстан Республикасында Президент сайлайуының кезектен  тыс өткізілуі, өте орынды орынды шешім деп білеміз», - делінген.


Көкшетаулық білім ұжымы ҚР Президенті сайлауын қолдайды 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
MURAǴAT