Көкшетаулық би жұбы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаулық би жұбы Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. Бұл туралы ҚазАқпарат Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, спорттық биден «Еуропа Азия кубогы 2019» 19- халықаралық турниріне Қазақстан және Ресейден жиналған 2500 жуық би жұбы қатысып, өнер көрсетті.

Үш күндік жарыста жастар санатында латын биімен сынға түске Нұрбек Сұлтанов пен Ольга Орлованың жұбы чемпион атанса, Максим Шевченко мен Мадина Аманжолова үшінші орын алды. Ал, жасөспірімдер санатында Богдан Ручка мен Амаль Байсалбаева екінші орынға лайық деп танылды.

«Бұл турнирге біз жыл сайын қатысамыз. Алғашқы спорттық қадамымызда де осыдан басталды. Бұл өте тартысты турнир. Біздің ұл-қыздарымыз барынша кәсіби шеберліктерін көрсетуге тырысты», - дейді «Reverans» спорттық-би клубының жетекшісі Эльмира Шарипова.

Соңғы жаңалықтар