Көкшетаулық баскетболшы қыздар украиналықтарды ұтты (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласының «Оқжетпес» қыздардың баскетбол командасы үйлерінде одессалық «Interkhim-SDUSSHOR-2» командасын жеңді, деп хабарлайды Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасынан.

Балтық қыздар баскетбол лигасы (БӘБЛ) аясында Щучинсктегі «Жақсы» спорттық базасында «Оқжетпес» (Көкшетау) командасы мен «Интерхим» ойнады (Украина).
Бірінші ойын 91:65 есебімен, екінші ойын - 78:75 есебімен аяқталды. Екі кездесуде көкшетаулық бойжеткендер үздік танылды.
Соңғы күні украиналық вице-чемпиондар бірінші таймнан кейін басымдығын он ұпайға асырған: 58:48. 34-ші минутта «Оқжетпес» 66:64 есебімен алға шығып, ойынның соңына дейін көш бастап тұрды. Көкшетаулық баскетболшы Алина Ягупова осы маусымдаңы ең жоғарғы 41 ұпайды кіргізді.
Осылайша, Көкшетаудағы «Оқжетпес» әйелдердің баскетбол командасы «А» тобының ойын кестесінде үшінші орынға тұрақтады.
Жаңа маусымда БӘБЛ чемпионының атағы үшін Қазақстан, Беларусь, Латвия, Украина, Литваның 10 командасы бақ сынасады.
2
3

Соңғы жаңалықтар