Көкшетаулық балаларға түрлі мерекелік шаралар ұсынылды

None
None
КӨКШЕТАУ.  ҚазАқпарат - Көкшетауда 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні сән-салтанатпен аталып өтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл күні «Абылай хан»  алаңы  әдеттегіден де ерекше нұралана түсті. Сыңғырлаған сәбилердің күміс күлкісіне толды.

Халықаралық балаларды қорғау күніне және Астананың 20 жылдығына арналған балалар мен жасөспірімдердің музыкалық ансамблінің шеруімен басталды.
null

Шеруге мектеп және колледж оқушылары, мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиеленушілері, педагогтар мен балалар, жастар музыкалық ансамбльдері және оркестрі қатысты. Биылғы жылы балалар мен жасөспірімдердің музыкалық ансамблінің шеруінде 1 200-ден астам бала өнер көрсетті.
null

«Мерекелік шараға немерелерін жетектеген ата-әжелер мен балаларын ерткен ата-аналар көптеп жиналды. Онда балаларға арналған түрлі байқаулар мен театрландырылған көріністер, балалар ұжымының мерекелік концерті ұсынылды», - дейді Ақмола облысының білім басқарамасы баспасөз хатшысы Динара Есенбаева.
null

Соңғы жаңалықтар