Көкшетаулық әйелді үйінің кіре берісінде зорламақшы болған күдікті ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетау тұрғынын өз үйінің кіре берісінде зорламақшы болған 26 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 12-18 наурыз аралығында облыс аумағында қылмысқа қарсы күресті күшейту, қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында «Құқық тәртібі» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Шара барысында полиция қызметкерлері зорлауға әрекет жасаған күдіктіні анықтады.

«Наурыздың 13-де сағат 03:00 Көкшетау қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының тұрғынан арыз түсті. Онда арыз иесі белгісіз берудің өзіне сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасауға тырысқаны туралы айтты. Белгілі болғандай, әйел ұйқысыздық дертіне шалдыққан және түнде серуендеуге шыққан екен. Сол кезде оған үйінің кіреберісінде бейтаныс ер адам тап беріп, киімін шешіп зорламақшы болған. Көмекке келген көршілердің көмегінің арқасында әйел зорлаушыдан құтылған», - деді ведомстводан.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер бейнебақылау камерасындағы жазба арқылы күдіктіні анықтады. Ол 26 жастағы, бұрын сотталған, Бурабай ауданының тұрғыны болып шықты.

«Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 24 бабының 3 бөлігі, 120-бабының 1 бөлігі «зорлау әрекеті» бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды», - деп толықтырды ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар