Көкшетаулық әйел танысының банкоматтағы ақшасын білдіртпей ұрлаған

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда 1946 жылы туған танысының банкоматтағы ақшаларын үптеп келген 27 жастағы келіншек ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, 12 қыркүйек күні Көкшетау қалалық ІІБ полиция бөліміне 1946 жылғы астаналық ер адам арызданып, банк карточкасында сақталған 300 мың теңге ақшасының жоғалғанын айтқан.  Бір қызығы банк карточкасы ер адамының өзінде болған.

«Зардап шегуші ақшасы жоғалған күні полицейлерге өзінің танысымен отырыс жасағанын айтты. Тергеу амалдары барысында осы қылмысқа қатысы бар 27 жастағы күдікті ұсталды. Кейін белгілі болғандай күдікті танысы ұйықтап жатқан кезде, банк карточкасын жымқырып, жақын маңдағы банкоматтан ақшаны шешіп алған. Сонымен қатар, келіншек  зардап шегушінің өзге банк карточкасынан да 300 мың теңге ақшаны бөліп-бөліп алып отырғаны анықталды», - деп түсіндірді полицейлер.

Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар