Көкшетаулық «Арай» ансамблі халықаралық халықтық би фестивалінінен жеңіспен оралды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаулық «Арай» халықтық би ансамблі Қостанай облысының Федоровский ауданында өткен «Жаркөл өрнектері» атты халықаралық халықтық би фестивалінінен жеңіспен оралды. Бұл туралы Көкшетау қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Халықтық өнер - би арқылы бейбітшілік, достық және ынтымақтастықты насихаттауға бағытталған фестивальге алыс-жақын шетелдерден келген 12 ұжым қатысып бақтарын сынады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған шараның мақсаты өнер ұжымдары арасында аймақаралық байланыс орнатып, тәжірибе алмасу болып табылады. Әсіресе, Ақмола облысының намысын қорғау «Арай» халықтық би ансамблі өз өнерлерімен көрермендерді де, қазылар алқасын да тәнті етті.

Байқау бағдарламасы қазақ халықтық би және еліміздегі кез келген этностың биін орындау сияқты екі кезеңнен тұрды. Байқау қатысушылары арасында шығармашылық өзара күрес болды. Нәтижесінде сахналық шеберлігі мен шексіз таланты көреремендердің көңілінен шыққан жерлестеріміз 1-ші орынды қанжығасына байлап, жеңіспен оралды.

Соңғы жаңалықтар