Көкшетаулық «Агрофаки» КТК ХО жоғары лигасына берілетін жолдаманы ұтып алды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының «Агрофаки» көңілділер мен тапқырлар клубы КТК халықаралық одағы солтүстік лигасының ширек финалында 1-ші орын иеленді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ханты-Мансийск қаласында өткен КТК ойынына Ресейдің  Нижневартовск қаласынан «Неваляшка», Салым қаласынан «Балаганчик», Новосібір қаласынан «Я обиделась» және көкшетаулық «Агрофаки» командалары қатысып, бақ сынады.

Жерлестеріміз  4 ойын байқауының қорытындысы бойынша  17,7 ұпаймен 1-ші орын алып, жартылай финалдық ойынға берілетін жолдаманы ұтып алды.

Халықарлық КТК одағы солтүстік лигасының редакторлары жоғары лиганың чемпиондары  «Камызяки» КТК командасының мүшелері  Ренат Мухамбаев, Денис Дорохов, Вячеслав Макаров. 

Соңғы жаңалықтар