Көкшетаулық 100 студент жас мемлекеттік қызметшілер мектебін бітірді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаулық 100 студент жас мемлекеттік қызметшілер мектебін сәтті аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Берген Беспалинов облыс орталғындағы жоғары оқу орнындағы Жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің түлектеріне сертификат табыс етті. Бұл 100-ге жуық студент бір ай бойы тәжірибелі мамандардан білім алып, мемлекеттік аппарат жұмысымен танысты.

«Кез келген адамның өмірінде мамандық таңдаудың маңызы зор. Бүгінде мемлекеттік қызметтің жаңа моделін дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Мектепте оқыту аясында біз сіздер үшін ең қызықты бағдарламаны таңдауға тырыстық. Мемлекеттік қызмет саласындағы негізгі трендтер туралы айтып бердік. Бұдан әрі сіздер өндірістік тәжірибеден өтесіздер, ал оны ұйымдастыруға көмектесеміз. Осы мәселеге мұқият қарауларыңызды сұраймын. Биылғы жылы алғаш рет осыншалықты көп тыңдаушыларды жинағанымыз қуантады» - деп Берген Беспалинов атап өтіп, студенттерге алдағы диплом жобасын қорғауда сәттілік тіледі.

Өз кезегінде университет президенті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, академик Сағынтай Елубаев департаменттің студенттердің қосымша білім алуы және жаңа дағдыларды игеруі мәселелері бойынша ынтымақтастығын атап өтті. Оның айтуынша, мектепте оқыту болашақта кәсіби қызметті таңдауға әсер етеді.

Естеріңізге сала кетейік, жас мемлекеттік қызметшілер мектебі дарынды жастарды мемлекеттік қызметке тартуға, сондай-ақ мемлекеттік органдарда жұмыс істеу дағдыларына ие болуға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар