Көкшетауға көгілдір отын келеді

None
None
КӨКШЕТАУ. 3 мамыр. ҚазАқпарат - Көкшетауға табиғи газ келетін болды.

Қостанайдан Астанаға тартылатын газ құбырының желісі Көкшетау қаласы арқылы өтеді. Ақмола облысы бойынша ірі жобаның шарапатын өңірдегі 200-ге жуық елді мекен көретін болды. Қазір облыс орталығына көгілдір отын тарту үшін алғашқы жоспарлау жұмыстары қолға алынып жатыр. Қазір қаланың 85 пайыз тұрғындары көп қабатты үйлерде газ баллондарын пайдаланады. Бұл әрине өте қауіпті. Сұйық отын құятын газгольдерлердің 70 пайызы мүлдем істен шыққан. Қазір оларды қайта қалпына келтіру жұмыстары қолға алынуда. Мемлекеттік бағдарлама арқылы жүзеге асатын жоба үш жыл ішінде толық аяқталады деп жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар