Көкшетауға әлеуметтік маңызды азық-түлік тікелей жеткізілетін болады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Иғалиев Көкшетауды әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлармен қамтамасыз ету мәселелері бойынша мәжіліс өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына сілтеме жасап.

Мәжіліске Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев, Ақмола облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Ербол Жақсылықов, ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Азамат Сағынбаев, «Есіл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» басқарма төрағасы Қазбек Ескендіров және Ақмола облысының тауар өндірушілері қатысты.

Келіссөздердің қорытындылары бойынша кәсіпорын басшыларымен Көкшетау қаласына төмендетілген бағамен: «Агроинвест-2015» ЖШС, «Үш Бұлақ - 2005» ЖШС өндірістегі тауық жұмыртқасын, «Гормолзавод» ЖШС, «Нәтиже» сүт фабрикасы» ЖШС сүт өнімдерін (пастерленген сүт, айран, ірімшік, сары май), «Milk Project» ЖШС картопты, «Агротрейд Көкше» ЖШС сәбізді тікелей жеткізуді қамтамасыз ету бойынша меморандумдарға қол қойылды.

«Осы меморандум шеңберінде қала дүкендеріндегі аталған азық-түлік өнімдерінің бағасы тұрақтандырылатын болады. Сонымен қатар, жақында бұдан өзге әлеуметтік маңызы зор азық-түлік тауарларын өндірушілерімен меморандумдарға қол қою жоспарда бар», -дейді Ақмола облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасындағылар.

Соңғы жаңалықтар