Көкшетаудың үстінен ұшқан тікұшақ тұрғындарды алаңдатты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Көкшетаудың үстінен ұшқан тікұшақ тұрғындарды алаңдатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаланың үстінен бірнеше рет айналып өткен тікұшақты көрген тұрғындар әуеден бір зат шашып жүр деп алаңдаған-ды.

Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, Көкшетау қаласында қазан айының 9-23 күндері аралығында Ақмола облысының терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы әскери техника мен арнайы автокөліктерді жұмылдыру арқылы жоспарлы оқу-жаттығуын өткізіп жатыр.


«Қала тұрғындары мен қонақтарына сабырлық танытып, оқу-жаттығу шарасына түсіністікпен қарауға, сондай-ақ, шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таратпауға шақырамыз», - делінген ведомствоның хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар