Көкшетаудың орталық мешіті атбасарлықтарға көмек көрсетуде

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Науан хазірет атындағы Көкшетау орталық мешіті мен «Зекет» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен Атбасар қаласындағы су тасқыны салдарынан зардап шегіп, үйсіз-күйсіз қалған жандарға азық-түлік таратылуда.

Бұл туралы Науан хазірет атындағы Көкшетау орталық мешітінің наиб имамы Темірбек Бекмағамбетов мәлім етті.

Оның айтуынша, мұндай көмек алдағы уақытта да жалғасатын болады. Өйткені, қасиетті дінімізде жапа шеккенге қамқорлық жасап, қол ұшын ұсыну имани істердің біріне жатады. Мұндай ізгілік көңіліне қаяу түскен жандарды бір сергітетіні анық.

«Соңғы жылдары Науан хазірет мешіті мен «Зекет» корпоративтік қоры Ақмола облысында жаны жабырқау жандарға 1 миллион теңгенің көлемінде қайырымдылық көмегін көрсетті. Ал төтенше болған табиғат апатынан жапа шеккен жандарға қиындыққа қол ұшын беріп, ізгілік таныту - кез келген мұсылманның парызы. Сондықтан, алдағы уақытта да осы бағытта қолға алынған игі істерді одан әрі жалғастыра беретін боламыз», - дейді Т. Бекмағамбетов

Соңғы жаңалықтар