Көкшетаудың «Оқжетпес» футбол клубы Премьер-лигаға қайтып оралды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаудың «Оқжетпес» фубол клубы Премьер-лигаға қайтып оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы команданың ресми сайтында ақпарат тарады.

«Оқжетпестің» барлық жанкүйерлерін құттықтаймыз!». Біз бүгін Премьер-лигаға шығуды рәсімдейміз», делінген жазбада.

Клуб қызметкерлері жанкүйерлерінен сүйінші сұрай отырып, қазанның 27-і күні Таразбен өтетін ойынға келуге шақырды. Бұл ойында команда «алтын» жүлде үшін таласатын болады.

31-ші турда «Оқжетпес» ФК шымкенттің «Қыран» командасымен (3:3) тең түсті. Қарсыластар қақпасына Санат Жұмаханов пен  Никита Баженова бір бір доптан салды.

Турдың қорытындысы бойынша «Оқжетпес» ФК Бірінші лигада турнир кестесінде 68 ұпаймен бірінші орынға шықты. Құтықтаушылардың арасында Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалинде бар.

«Оқжетпес» (Көкшетау) футбол клубының барлық жанкүйерлерін Премьер-лигаға шығуымен құттықтаймын!» - деп жазды өңір басшысы Фейсбуктегі парақшасында.

 

Фото: www.okzhetpes.kz

Соңғы жаңалықтар