Көкшетаудың облыс орталығы мәртебесі алғанына 20 жыл толды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаудың Ақмола облыс орталығы мәртебесін алуы және онда Абылай ханға ескерткіш орнатылуы еліміздің болашағы үшін жасалған маңызды істердің бірі болды. Бұл туралы осы тарихи оқиғаның басы-қасында жүрген, бүгінгі таңда Көкшетау қаласының құрметті азаматы әрі медицина саласының ардагері Болат Жанәділов ҚазАқпарат тілшісіне әңгімелеп берді.

Осыдан тура 20 жыл бұрын, яғни 1999 жылғы 8 сәуірдегі ҚР Тұңғыш Президенті- Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың облыс орталығын Көкшетау қаласына көшіру туралы Жарлығы Ақмола облысының өмірінде саяси және әлеуметтік экономикалық дамуының маңызды кезеңі болды. Осы Жарлыққа сәйкес Ақмола облысының орталығы Нұр-Сұлтан қаласынан (сол кездегі Астана- авт.) Көкшетауға көшірілді.

«Тарихтың ақтаңдақтары болған бұл кезеңдер тәуелсіздіктің таңы атқанда ғана өзінің лайықты бағасына ие болды. Ғасыр соңында қол жеткізген Тәуелсіздіктің айшықты кезеңдері, үш жүздің басын қосқан Абылай хан мен Сәкен, Ақан сері, Біржан сал және Үкілі Ыбырай сияқты жыр дүлділдері саф ауасын жұтып, суын ішкен Көкшетаудың Ақмола облысы орталығы саяси мәртебе алуы ақмолалықтардың көптеген күткен арманы халқымыздың Ұлы тұлғасы Абылай ханға ескерткіш орнатылуымен айшықтала түсті», - дейді Болат Жанәділов.
null

Көкшетаудың астана жанындағы облыс орталығы мәртебесін алуы оның жаңа бағытта дамуына жол ашты. Ақмолаға қатысты айшықты оқиғалардың бірі Президентіміздің 1999 жылы қарашада Көкшетауда Абылай ханның ескерткішін салтанатты жағдайда ашуы еді.

«Ескерткіштің ашылу салтанатына қатысқан Елбасы: Біз бүгін бар қазақтың үш жүзінің басын қосып, тәуелсіздігімізді сақтап қалған ұлы қолбасшы әрі ханы Абылай ханның ескерткішін ашып отырмыз. Бұның бәрі тәуелсіздігіміз бен егемендігіміздің арқасы деп деген еді... Мен Президент сайлауында Елбасының сенімді өкілдерінің бірі болғанымды әлі күнге дейін мақтан етемін. Ол әрдайым әр өңірдің хал-жағдайын сұрастырып,​ тұрғындарды толғандырған мәселелер жайлы әңгіме қозғайтын. Сонда ылғи: «Мен сендерді​ өңірге барған сәтте тауып аламын!», - деп айтып отырушы еді», - дейді ол.

Шынымен де, 1999 жылы​ Ақмола облысының орталығын Көкшетау қаласына көшіру тарихи оқиға болды. Елбасы Ақмоланың жаңа облыс орталығына өзі келіп, Абылай хан ескерткішін ашып берді. Сол​ сапарында өзі айтқандай, Елбасы мені іздетіп, шақыртып алды. Бұл оның айтқан сөзінде тұратын, сондай-ақ, әр сөзіне берік адам екенін аңғартады», -дейді Болат Жанәділов.

Болат Жанәділов Елбасы саясатының дұрыс екендігін және оның бүгінде өзінің жемісін беріп отырғандығын атап айтты.

«Кейін 2012 жылы Көкшетауға келген сәтінде Елбасы «Абылай ханның арманын орындадым. Қала салдым. Халық бейбіт өмір сүріп жатыр», -​ деп айтқан болатын. Бұл сөздің астарынан​ үлкен парасаттылық сезіледі. Әр кездесу кезінде Елбасының кішіпейіл, адамгершілік және ізгілік қасиетіне куә болдым. Ол өзін сарабдал саясатшы, табанды көшбасшы, тұғырлы тұлға екенін әлемдік деңгейде​ дәлелдеп келеді», - деп түйіндеді Болат Жанәділов.

Соңғы жаңалықтар