Көкшетаудың есту және сөйлеу қабілеті нашар оқушылары Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаудағы есту және сөйлеу қабілеті нашар балаларға арналған №4 облыстық арнайы түзету мектеп-интернатының оқушылары Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін.

Бұл туралы аталған білім ордасының директоры Светлана Никулина айтты. Оның айтуынша, жақында осы білім ордасының 25 жылдығына орай мерекелік концерт өткен. Оған осында тәлім-тәрбие алатын есту және сөйлеу қабілеті нашар 120 бала қатысқан.

«Шара барысында балалар өмірден түңілмей, ешбір қиындыққа моймымай өмірді сүюге шақыратын би биледі. Бойында кемістігі болғанымен, оқушылар сахнаға шыққанды сау адамнан еш айырмашылығы жоқ. Балалар ым-ишарамен жеткізді. Әсіресе, жүректі тебіренткені - оларға ананың дауысын есту-арман екенін білдіргені. Балалардың есту және сөйлеу қабілеті нашар болғанымен концерт қошеметке толы болды. Әрі жиылған қауым көзіне жас алып, өнерді тамсана тамашалады. Сол себепті Гиннестің рекордтар кітабына сұрау жібердік. Бірақ ол жақтан әлі жауап жоқ. Дегенмен, ұстаздар мен оқушылардың үміті зор», - дейді С.Никулина.

Соңғы жаңалықтар