Көкшетаудың ең сұлу қызы анықталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - 23 жастағы Екатерина Ефименко «Мисс Көкшетау-2018» байқауының тəжін киді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Байқау ережесіне сай арулар сахнада шығармашылық, интеллектуалдық қабілеттерін көрсетті, сондай-ақ коллекциялық киім мен кешкі көйлек үлгісі таныстырды.

Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу шеңберінде ұйымдастырылған  XVIII өңірлік байқаудың ақтық кезеңіне өткен ақылына көркі сай 8 ару қатысып, бақ сынады. Байқауда Ш.Уəлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің магистранты, «Премьера» шоу-балетінің қатысушысы жəне «Арлан» хоккей клубы қолдау тобының жетекшісі Екатерина Ефименконың бағы жанды. Енді ол байқаудың республикалық кезеңінде Ақмола облысының намысын қорғайтын болады.

Қазылар алқасының көңілінен шыққан Дана Бектенова бірінші вице-мисс  атағына ие болды.

Еске сала кетейік, былтырғы жылы өткен «Мисс Көкшетау-2017» байқауында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің филология және педагогика факультетінің студенті 18 жастағы Айна Жұмабаева жеңімпаз атанған еді.

I

Соңғы жаңалықтар