+7 (701) 759 90 19
USD 386.44 EUR 428.37
RUB 6.06 CNY 54.93
Jańalyqtar

Көкшетаудың 195-жылдығында әлемнің екі бірдей рекорды орнатылды

2019 жылғы 13 шілде 14:56
Бөлісіңіз:
Көкшетаудың 195-жылдығында әлемнің екі бірдей рекорды орнатылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаудың 195-жылдығында әлемнің екі бірдей рекордты орнатылды. Бұл ресми түрде Гиннестің әлемдік рекордтар кітабында тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтоты Райымқұловаға жарақаттанған спортшыны сауықтыру жобасы таныстырылды Жамбыл облысындағы бірыңғай қабылдау 800-ге жуық тұрғынды қамтыды СҚО-да Алик Шпекбаев Бірыңғай азаматтарды қабылдау күніне қатысты

Краснояр кентіндегі «Құлагер» атшабарында Көкшетау қаласының 195-жылдығына арналған құрақ көрпе тігуден «Құрақ көрпе Fest» фестивалі өтті. Оған қала тұрғындары, үкіметтік емес ұйымдардың, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қызметкерлері қатысты.



Фестиваль барысында екі бірдей рекорд орнатылды. Оның бірі, құрақ көрпеден жасалған 33 метр шеңбер болса, екіншісі ұзындығы 11120 метр құрақ көрпе Гиннестің рекорттар кітабына енгізілді.

Шараға Гиннестің әлемдік рекордтарын ұйымдастырудағы ресми төреші мәскеуден келген Влад Кабулов қатысып, арнайы сертификаттарды аймақ басшысы Ермек Маржықпаевқа тапсырды.



Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықованың айтуынша, құрақ көрпені жасауға 2 ай уақыт кеткен.

«Көкше өңірі ақындық, әншілік өнерімен ғана танымал емес, қол өнерімен де әйгілі. Өңірде он саусағынан өнер тамған Үкіжан Ементаева сияқты қөлөнердің хас шеберлері бар. Осындай шеберлеріміздің арқасында сүйікті Көкшетау қаламыздың 195 жылдығына ерекше тарту жасап отырмыз», деп атап өтті Зере Қиықова.






Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ақмола облысы, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT