Көкшетаудағы жәрмеңкеге шығарылған өнімдер құны 115 миллион теңгені құрады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаудағы «Алтын ғасыр» сауда үйі жəне Тəуелсіздік алаңында Ақкөл, Атбасар, Бұланды, Еңбекшілдер аудандарының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен кəсіпкерлерінің жəне облыс орталығындағы көтерме сауда жасаушылардың қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанда жасалған» сауда белгісімен өткен жəрмеңкеде нарық құнынан 15-20 пайызға төмен бағамен ет, сүт тәрізді 60 түрлі азық-түлік өнімдері ұсынылды.

Атап айтқанда, ет өнімдері - 60,5 тонна, балық-7,7 тонна, жұмыртқа-302 мың дана, көкөніс-132,2 тонна, сүт және сүт өнімдері-16,3 тонна, картоп-100 тонна, жарма өнімдері-12 тонна, қант-5 тонна, өсімдік майы-16,5 литр көлемінде əкелінді. Жәрмеңкеде жалпы құны 115 миллион теңгенің өнімі сатылды.

Жәрмеңкені аралап көрген облыс әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаров сөрелерге қойылған өнімдердің сапасы мен бағасына назар аударды.

Сондай-ақ, бұл жолғы жәрмеңкеде сапалы өнімдерге қойылған тиімді бағалар мен арнайы ұйымдастырылған концерттік бағдарлама да жәрмеңкеге келушілерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.

null 

Соңғы жаңалықтар