Көкшетаудағы жәрмеңкеде 75 тонна азық-түлік сатылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің арзан азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

«ЦУМ» сауда үйінің алдында ұйымдастырылған жəрмеңкеде ұсынылған азық-түлік бағасы қала базарлары және дүкендерімен салыстырғанда 15-20 пайыз арзанға сатылды. Сол себепті таңғы сағат тоғызда басталған жәрмеңкеде халықтың қарасы көп болды. Қала тұрғындары жұмыртқа, ет, сүт, картоп және ұн өнімдерін молынан сатып алды.

Əкімдіктің мәліметі бойынша, бұл жолы жәрмеңкеге 50 түрлі 75,6 тоннадан астам азық-түлікгі әкелінген. Олардың жалпы құны 79,7 миллион теңгені құрайды.

«Жəрмеңкеге 36 тоннаға жуық ет пен шұжық, 4,5 тонна балық, 152 мың дана жұмыртқа, 6 тоннадан астам сүт және сүт өнімдері, 12 тонна ұн өнімдері, 6,5 тонна каттоп және өзге де ауыл шаруашылығы өнімдері жеткізілді», - деп түсіндірді əкімдіктегілер.

Еске сала кетейік, жақында Нұр-Сұлтан қаласының Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аймақ басшысы Ермек Маржықпаев əлеуметтік маңызы зор азық-түлік тауарларының, оның ішінде әлеуметтік нан бағасының өсуіне жол берілмейтіндігін айтқан болады. Нан бағасын тұрақтандыру мақсатында тұрақтандыру қоры, мемлекеттік-жекешелік əріптестік шеңберінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің азық-түлік жəрмеңкесін жиі өткізіп тұру қажеттігі айтылды.

Соңғы жаңалықтар