Көкшетаудағы жалпықалалық сенбілікке 7 мыңға жуық адам қатысты - ФОТО

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Көкшетау қаласының аумағын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша жалпықалалық сенбілік өтуде.

Қала әкімдігінің ақпаратына сәйкес, сенбілікке шамамен 7 мыңға жуық қала тұрғыны мен коммуналдық қызметтің 80-нен астам техникасы тартылуда.

Жалпықалалық сенбілік барысында қала аумағы 115 участікке бөлініп, оған мемлекеттік мекемелер, коммуналдық кәсіпорындар, ПИК және басқа да бюджетті ұйымдармен жоғары, орта білім ордаларының студенттері мен қала тұрғындары бекітілді. Олар қоқыс жинауға арналған пакет пен жұмыс қолғабы, әктеу және өзге де материалдармен қамтамасыз етілді.

Бұл күні көкшетаулықтар 750-ге жуық астам көшет пен ағаш бұталарын отырғызуды көздеп отыр. Сенбілікке қатысқан қала әкімі Жарқын Жұмагұлов та қолына жұмыс қолғабын киіп, ағаш көшеттерін отырғызды.

Жалпы, бұл жолғы сенбілік барысында ағаштар мен бұталарды отырғызу, гүлбақша мен гүлзарларды тазалаумен қатар, Қылшақты өзенінің жағасын құл-қоқыстар мен басқа да тұрмыстық қалдықтардан тазарту, көшеттердің түбін ақтау сияқты жұмыстары қолға алынатын болады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы аталып өтелетін Көкшетау қаласының 190 жылдығы мен облыс бойынша қолға алынған абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық бойынша көктемгі экологиялық айлық аясында сәуірдің 26 күні облыс орталығында тағы қосымша 670-ге жуық көшет отырғызу жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар