Көкшетаудағы жəрмеңкеде 43 млн теңгенің азық-түлігі саудаға шығарылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда «Алтын ғасыр» сауда үйінің алдында арзан азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Жәрмеңкеге Ақкөл, Атбасар, Жақсы, Бұланды аудандары және облыс орталығындағы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер қатысты. Жәрмеңкені аймақ басшысы Мəлік Мырзалин аралап көріп, азық-түлік бағасы мен сапасына назар аударды.

Жəрмеңкеде ұсынылған азық-түлік бағасы қала базарлары және дүкендерімен салыстырғанда 15-20 пайыз арзанға сатылды. Сол себепті таңғы сағат тоғызда басталған жәрмеңкеде халықтың қарасы көп болды. Қала тұрғындары жұмыртқа, ет, сүт, картоп және ұн өнімдерін молынан сатып алды.

null    «Биылғы жылы осымен үшінші рет осындай жəрмеңкеге келіп отырмын. Азық-түлік өнімдерінің бағасы көңілге қонымды. Сиыр етінің келісін 1250 теңгеден, қаздың етінің келісін 1200 теңгеден сатып алдым», - дейді Көкшетау қаласының тұрғыны.

Сонымен қатар, аудандардан ат терлетіп келген ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің де көңіл-күйі көтеріңкі болды.null

«Біз əрине, облыс орталығына өз өнімдерімізді əкелгенге қуанамыз. Мұнда сауда орнына ақша төлемейміз. Ең бастысы қалалықтардың біздің тауарларға сұранысы жоғары», - дейді Жақсы ауданынан келген саудагер.null

Əкімдіктің мәліметі бойынша, бұл жолы жәрмеңкеге 40 түрлі азық-түлік әкелінген. Олардың жалпы құны 43 миллион теңгені құрайды.

«Жəрмеңкеге 22 тоннаға жуық ет пен шұжық, 5 тонна балық, 150 мың дана жұмыртқа, 6 тоннадан астам сүт және өзге де ауыл шаруашылығы өнімдері жеткізілді», - деп түсіндірді əкімдіктегілер.null

Еске сала кетейік, жақында облыс əкімдігінде өткен мәжілісте əлеуметтік маңызы зор азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеу шаралары талқыланған еді. Онда бағаны тұрақтандыру мақсатында өңіраралық ауыл шаруашылығы кооперацияларын нығайту, мемлекеттік-жекешелік əріптестік шеңберінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің азық-түлік жəрмеңкесін жиі өткізіп тұру қажеттігі айтылды.

Соңғы жаңалықтар