Көкшетаудағы төбелес: Видеобақылау камерасының арқасында ер адам аман қалды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда полицейлер видеобақылау камерасының арқасында ер адамды аман қалып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық Полиция Департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметі бойынша, бүгінгі күні Көшетау қаласында 130 астан видеокамера орнатылған. 2019 жылдың басынан бері бұл видеобақылау камераларына 80 астам қылмыс тіркелген.

Соның бірі, Абай көшесінің бойында орын алған бұзақылық Көкшетау қалалық ПБ жедел басқару орталығының видеобақылау камерасына түсіп қалған.

«Мамырдың 21-інде Көкшетау қалалық Полиция бөлімі жедел басқару орталығының кезекші инспекторы көңіл көтеру орнынан шыққан жастардың өзара жаға ұстасып қалғанын және үшінші жігітке күш қолданғанын байқайды. Төбелес көшенің ортасында болғандықтан жол қозғалысымен бірге қоғамдық тәртіпті бұзушылардың өздерінің өміріне де қауіп төнген.

Кезекші инспектордың ақпараты бойынша дереу оқиға орнына «Әскер-2» жол-патрульдік экипажы жетті. Полицейлер жедел жәрдем қызметін шақырып, 24 және 25 жастағы күдіктілердің соққысына ұшыраған қаланың 44 жастағы тұрғынына көмек көрсетті. Қазіргі кезде зардап шегуші Ақмола облыстық аурханасына жатқызылды. Ал күдіктілер уақытша ұстау оқшаулағышына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде», - дейді ведомстводан.

Айта кету керек, ЖБО инспекторларының бейнемониторинг жасап отыруы полицейлерге ауыр қылмыстарды жедел анықтауға және күдіктілерді іздестіруге, көше қылмысымен және әкімшілік құқықбұзушылықтармен күресуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар