Көкшетаудағы техникалық институтқа Мәлік Ғабдулиннің есімі берілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Көкшетау техникалық институтына Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясы мәртебесі берілді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Үкіметінің Қаулысымен Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтына Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясы мәртебесі берілді», - деді министрліктің баспасөз қызметінен.

Аталған оқу орны 1973 жылдан бері төтенше жағдай мамандарын дайындап келеді. Осы жылы Алматы қаласынан Көкшетауға Қазақ КСР ІІМ басқармасының әскерилендірілген өрт күзетінің оқу жасағы көшіріледі. Кейін өрт күзетінің кіші және орта басшы құрамын даярлау және қайта даярлау мектебіне, кейін ҚР ІІМ Алматы өрт-техникалық училищесінің Көкшетау филиалына айналды. 1999 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің Көкшетау техникалық институты болып қайта аталды. Ал 2004 жылдың 29 қыркүйегінен бастап ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институты болып тіркелді.

«Бүгінгі күні институт 4 білім беру бағдарламасы бойынша білікті мамандарды даярлайды: «Өрт қауіпсіздігі», «Төтенше жағдайларда қорғау», «Азаматтық қорғаныс күштерінің командалық тактикалық құтқару ісі» және «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару ісі». Институтта күндізгі, қашықтықтан оқыту, қосымша білім беру және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультеттері жұмыс істейді.

Оқу орны өз тарихында 5 мыңнан астам маман даярлағанын атап өткен жөн», - деп жазылған министрлік мәліметінде.


Соңғы жаңалықтар