Көкшетаудағы «SmaLL» көтерме сауда маркеті тұтынушыларына қолжетімді бағамен азық-түлік тауарларын ұсынуда

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаудағы «SmaLL» көтерме сауда маркеті тұтынушыларына қолжетімді бағамен азық-түлік тауарларын ұсынуда.

Биылғы жылдың тамыз айында ашылған көтерме сауда маркетінің өнімдеріне күн санап сұраныс артып келеді.

Аталған сауда орынында болған өңір басшысы Сергей Кулагин 5500 шаршы метрді алып жатқан сауда алаңы мен қойманы аралап көріп, азық-түлік бағасына назар аударды.

Аудан әкімдеріне мұндағы бағаны аудан дүкендерінің бағасымен салыстыруды тапсырды. Маркет азық-түлік тағамдары, тұрмысқа қажетті тауарлармен қатар ыстық және салқын етті тағам түрлерін, наубайхана мен кондитерлік цехтың өнімдерін ұсынады.

Мұнда тұтынушыларға қолайлы болу үшін әртүрлі банктердің банкоматтары, төлем терминалдары мен автоматтық сақтау камералары орнатылған. Маркет автономдық түрде жылытылады. Сауда орны 220 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Соңғы жаңалықтар