Көкшетаудағы сауда үйінде болған өрттің себебі анықталуда

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаудағы «Триумф» сауда үйін шарпыған өрт сыртқы əсердің салдарынан тұтанғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомстваның дерегі бойынша өрт - сынақ зертханасында жүргізілген сараптама қорытындысы Көкшетаудағы орталық базар аумағында орналасқан сауда үйінде болған өрттің сыртқы əсердің салдарынан тұтанғанын анықтады.

Нақтырақ айтқанда сөндірілмеген темекі тұқылы, қасақана өрт қою сияқты түрлі болжамдар бар. Мəселен, аталмыш сауда үйі мен жанында орналасқан киоскінің арасы темекі шегетін орын болған.

«Өрттің нақты себебін өңірлік ІІД анықтайтын болады», деп түсіндірді ведомствадан.

Еске сала кетейік, 20 мамырда аталмыш нысан өртеніп кетті. Жалын 450 шаршы метр аумақты шарды. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Тілсіз жаудан ғимаратта болған 70 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Өрттің салдарынан ғимараттың тек сыртқы қаптамасы ғана бүлінді. Осы оқиғаға байланысты Ақмола облысының полицейлері «Абайсызда біреудің мүлкіне зиян келтіру жəне жою» бойынша іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу амалдарын қолға алды. 

Соңғы жаңалықтар