Көкшетаудағы саll-орталық тәулік бойы тұрғындармен жұмыс жасауда

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Көкшетаудағы саll-орталық, ситуациялық штаб және блокпосттарды аралап көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақ басшысы коронавирус инфекциясына байланысты елімізде енгізілген төтенше жағдай режимі кезінде Көкшетау қаласы әкімдігінің ғимаратында құрылған саll-орталықтың жұмысымен танысты. Орталықта тәулік бойы мамандар телефон арқылы тұрғындармен жұмыс жүргізеді.

Мамандардың айтуынша, соңғы күндері қоңырау шалушылардың саны артқан.

«Кеше күні бойы 90 адам қоңырау шалды. Бүгін түскен дейін 76 адам хабарласып, негізінен қалаға кіріп шығу, оқушылардың қашықтықтан оқуы, тауарлардың бағасы сияқты мәселелерге байланысты сауалдарын қойды», – дейді орталық мамандары.

Сall-орталық қала тұрғындарына үйде отырып, толғандырған сұрақтарына жауап алуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, білім, кәсіпкерлік, жұмыспен қамту және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық төңірегіндегі сұрақтарды білуге болады. Орталықта бес маман тұрғындардың телефон қоңырауларын қабылдайды. Ол үшін дүйсенбіден сенбіге дейін таңғы сағат 9:00-ден, кешкі сағат 20:00 дейін қалаішілік 25-20-25 телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады.

«Карантиндік шаралар орын алып отырған жағдайға байланысты енгізілді. Өкінішке орай, коронавирус инфекциясының таралу географиясы ұлғайып, біздің қаламызға да жетті. Сол себепті, Көкшетау қаласының әр тұрғыны өзі үшін, өзінің отбасы үшін сақтық шараларын қолға алуы тиіс. Тұрғындарғы далаға шығуды азайтып, үйде отыруға кеңес береміз. Сол үшін Сall-орталықты ашып отырмыз. Кез-келген сұрақты осы орталыққа қойып, мамандардан кеңес алуға болады. Орталық мамандары да қойылған әрбір сұрақты мұқият тыңдап, оны шешетін жауапты тұлғаларға жеткізулері тиіс», – деді Ермек Маржықпаев.

Сонымен қатар, облыс басшысы полиция департаментінің жедел басқару орталығының жанынан ашылған ситуациялық штаб және Көкшетау қаласының кіріп-шығатын жолдарында орналасқан блокпостарда болып, ондағы жағдай, станционарлық жабдықталуына назар аударып, патрульдік полиция қызметкерлерінің жағдайларын сұрап білді.


Соңғы жаңалықтар