+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Көкшетаудағы «сақалды» құрылысқа айналған оқыту-тәрбиелеу кешені келер жылы пайдалануға беріледі

2019 жылғы 16 қараша 00:31
Бөлісіңіз:
Көкшетаудағы «сақалды» құрылысқа айналған оқыту-тәрбиелеу кешені келер жылы пайдалануға беріледі

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласы бойынша жұмыс сапары кезінде Краснояр бағытындағы тас жолдың бойындағы жеке меншік секторының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда биыл 170-тен астам спорт алаңшасы салынуда Ақтөбеліктер мемлекеттік бағдарламалардың арқасында баспаналы болды Таразда тоқсан пәтерлі 9 қабатты екі тұрғын үй пайдалануға берілді

Қазан айында «Ашық әкімдік» форматында ашық есік күнін өткізу кезінде өңір басшысы жолдың сапасы, көшелерді жарықтандыру, автобус қатынасы мен басқа проблемалық мәселелері бойынша шағымданған осы округтің тұрғындарын жеке қабылдаған болатын.

Қала әкімі Амангелді Смайыловқа аймақ басшысы үш жыл ішінде облыс орталығының көше-жол желісін жөндеуге қарастырылған қаржы шеңберінде жолдарды жөнге келтіріп жаңбыр суын ағызу арналарын орнатуды тапсырды.

Облыс әкімі осындағы оқыту-тәрбиелеу кешенінің құрылыс алаңын аралап көрді. 2016 жылы басталған құрылыс жобасын пысықтау, ірге тасын қайта құру қажет болғандықтан тоқтап қалған. Мердігер объектіні 2020 жылғы 1 қыркүйекте пайдалануға беретініне сендірді. Бүгінгі таңда екінші қабаты жабылып, терезелері орнатылуда. Тас қалаушылар үшінші қабатының қабырғаларын көтеруде.

Ермек Маржықпаев мердігерден сапасына әсер еткізбей жоспарланған мерзімді сақтауды талап етті. Нысанды жоспарланған мерзімінде іске қосу жетіспейтін оқу орындары және мектепке дейінгі орындары проблемасын шешуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, округке шағын аудан мәртебесін беру мәселесі көтерілді.

«Біз, тура жауап алғанымызға қуаныштымыз», – деді әңгімелесу барысында ақсақал Сәрсенбай Сердалин.

Сол күні өңір басшысы Қажымұқан атындағы №3 облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің олимпиада резерві мектебінде болып, онда жас спортшыларға жасалған жағдайлармен танысты. Мектептің төбесін жөндеу, сондай-ақ, көпбейінді спорт алаңының құрылысын салу қажет екен.

«Көмектесеміз, бірақ нәтижелер де болуы керек», – деді облыс әкімі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ақмола облысы, Әкім, Құрылыс,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT