Көкшетаудағы «Регион строй» жылына 50 мың шаршы метр құрылыс материалын шығаруды межелеп отыр (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаудағы «Регион строй» ЖШС жылына 50 мың шаршы метр құрылыс материалын шығаруды межелеп отыр. Бұл туралы бүгін облыс Сергей Кулагин Көкшетаудағы бірқатар әлеуметтік-өндірістік нысандарын аралағанда айтты.

Өткен жылы Индустрияландыру картасы шеңберінде пайдалануға берілген кәсіпорын үй құрылысына арналған темір бетон өнімдерін (жабатын тақта, іргетас блоктары, қабырға жиектері, бағаналар және темір бетоннан жасалған басқа да бұйымдар) шығарады.

Жобаның жалпы құны - 1 миллиард теңгені құрап отыр. Оның 700 миллион теңгесі 2012 жылы екінші деңгейдегі банк арқылы ұзақ мерзімді қаржыландыру үлгісінде ұсынылған. Кәсіпорын Ұлыбритания, Испания және Италия елдерінен әкелінген құны 600 миллион теңгенің технологиялық қодырғылармен жабдықталған. Кәсіпорынның жобалық қуаттылығы жылына 50 000 шаршы метрден аса тұрғын үйді іске қосуға мүмкін береді.

Өңір басшысы Индустрияландыру картасы шеңберінде іске қосылған кәсіпорынның 2050 жылға дейін Қазақстан дамуының стратегиялық бағыттарына, соның ішінде «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға септігі тиетінін атап өтті.

Сонымен қатар, облыс әкімі Шанхай шағын ауданында салынып, жатқан 240 орындық бала бақшаның құрылысы, нөмір 14-ші орта мектеп пен осындағы «Жарқын» шағын орталығы және «АгроИнтертех» серіктестігіне де атбасын тіреп, мемлекеттік жобалар мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының орындалу барысына да назар аударды.

Соңғы жаңалықтар