Көкшетаудағы моншада 3 бала уланып қалды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаудағы монша кешенінде 7, 9 және 17 жас аралығындағы үш бала уланып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 23 қазанда болған.

«Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасына «химиялық затпен улану» диагнозымен 7, 9 және 17 жастағы кәмелеттік жасқа толмаған үш бала жеткізілді. Осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 306-шы бабының 2-бөлігі «...қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды», - деді ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар