+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Көкшетаудағы мектептер мамандандырылған күзетпен қамтылды

2021 жылғы 18 маусым 15:35
Бөлісіңіз:
Көкшетаудағы мектептер мамандандырылған күзетпен қамтылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Көкшетаудағы бүкіл мектеп мамандандырылған күзетпен қамтылғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Балалардың қауіпсіздігіне ерекше мән беріліп отыр. Қазан қаласындағы (Татарстан) қайғылы оқиға осы мәселедегі қадамдарды қайта қарастыруға міндеттеді. Өңірдегі мемлекеттік білім беру ұйымдары толықтай бейнебақылау жүйесімен қамтылды», - деді Е. Маржықпаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, облыс орталығындағы барлық мектеп мамандандырылған күзет жүйесіне ауыстырылды.

Қазіргі кезде осындай жұмыс аудан орталықтары мен қалалардағы мектептерде жүріп жатыр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев өңірде үш ауысымдағы мектептер мәселесі қашан шешілетінін айтты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT